FitnessBlitz-тің міндеті

21 ғасыр — қозғалыстың тапшылық ғасыры. Бүгінгі өміріміздің жайлылығын қамтамасыз ететін — лифт, экскалатор, жеке автокөліктер, тауарларды үйге жеткізіп беру, байланыс құралдары — осының бәрі қала тұрғындарының қозғалысын шектеп отыр. Нәтижесінде қоғамымызда жүрек, қан тамырлары, варикоз, бұлшық еттерінің атрофиясы, семіздік, жылдам шаршап қалу сынды алуан аурулар белең алып отыр. Сондай-ақ иммунитет төмендеп, ағзаның жалпы тонусының әлсіреп кеткені де өтірік емес.

Біздің міндетіміз — cіздерге денсаулықтарыңызды нығайтып, көңіл күйлеріңізді көтеріп, бастысы, өздеріңізге деген сенімділікті арттыруға көмектесу. Ол үшін бар болғаны FitnessBlitz фитнес клубтарының біріне кіріп, жүгіру жолында біраз денеңізді қыздырып, күшті талап ететін жаттығу құралдарында бұлшық еттеріңізді қатайтып, осылайша біраз сергіп алсаңыз болғаны. Сонда өміріңіздің мәні артып, күнделікті туындайтын түйткілдердің салмағы жеңілдеп, табыс пен сәттілікке бастайтын жолдың жақындай түсетініне өзіңіз-ақ көз жеткізесіз!

Өз-өзіңізді қолға алатын уақыт келді! FitnessBlitz-пен бірге фитнеспен шұғылданыңыз! Фитнеспен айналысып, айналаға шуақ шашып, дендеріңіз сау болып, сәттілікті уысынан жібермейтін адамдар қатарынан орын алуларыңызға тілектеспіз!

Құрметпен,
Сіздердің FitnessBlitz