Біз туралы

FitnessBlitz фитнес-клуб желілерінің алғашқы клубы Алматы қаласында 2009 жылы, 11 қарашада ашылды.

Бүгінгі таңда біз, алғашқы күннен бастап-ақ өзіміздің негізгі басымдылығымыз ретінде қабылдаған, төмендегі үш қағида бойынша жұмыс істеп келе жатырмыз:

  1. кәсібилік және өз ісіңе махаббатпен қарау;
  2. адалдық;
  3. жоғары сервис.

Дәл қазір

FitnessBlitz фитнес-клубтар желісі — бұл:

  • cізге керектінің бәрі өз орнынан табылатын: жүгіру жолағы және велосипедтер, бұлшық еттің барлық тобына арналған жаттығу құрылғылары, штангалар мен гантельдер, белге айналдыратын шеңбер, секіргіш, степ (табан қойғыш) және тағы басқа тамаша жабдықтармен қамтылған спорт залдар. Сондай-ақ біздің барлық клубтарымыз жекелеме шкафтары бар шешіну орындары және себезгі (душ) кабиналарымен жабдықталған;
  • cіздің күн кестеңізге сай. Біздер келушілердің уақытын ұрламаймыз, сондықтан да клубтарымызға қалаған мерзімде келіп, қалаған уақытыңызға дейін бола аласыз: спортпен өзіңізге ыңғайлы уақытта айналысыңыз!
  • қол жетімді баға және жоғары деңгейде қызмет көрсету;
  • тазалық пен тәртіп;
  • сіздің жағдайыңызға түсіністікпен қарау. Ауырып қалдыңыз ба? Демалысқа немесе іссапарға жол жүріп барасыз ба? Болмаса, жай ғана шаршаған боларсыз? Олай болса, хабарласып абонементіңізді уақытша тоқтата тұрыңыз;
  • сіздің пікіріңізбен санасу. Біздің клубқа қатысты шағымдарыңыз немесе ұсыныстарыңыз бар ма? Оларды смс хат не email пошта арқылы жолдап, шағымдар жәшігінде қалдырып, клубтарымыздың жұмысын жақсарта түсуге атсалысыңыз. Біз де өз тарапымыздан сіздің көңіліңізден шығуға тырысамыз!
  • өмірден өз үлесін ала білетіндердің кездесу орыны!
  • Осының барлығы шындық екеніне өзіңіз көз жеткізіңіз!