Топтық жаттығулар

Егер сіз билегенді, спорттың топтық түрін ұнатсаңыз — сіз үшін биге құрылған бағдарламалар тиімді болмақ.

Артық салмақтан арылуды қалайсыз ба? Сізге күшті талап ететін жаттығулар мен аэробика жақсы келеді.

Топтық бағдарламалар дегеніміз бір топ адамның нұсқаушының бастамасымен түрлі аэробикалық жаттығуларды орындауы. "Fitness Blitz” топтық жаттығулардың түрлі үлгілерін назарларыңызға ұсынады: аэробика, би хореографиясы, пилатес, фитнес.

Топтық бағдарламалардың артықшылықтары жетерлік: бағдарламалар өте тиімді құрылған, жаттығуларды орындау үшін қандай да бір физикалық дайындықтың немесе тәжірибенің қажеті жоқ, жаттығулар үнемі бір уақытта өткізілетіндіктен өз күн кестеңізді дұрыс құрып, уақытыңызды икемдеп алуға мүмкіндік бар, оған қоса бұл өте көңілді және қызықты.


Топтық бағдарламаларды таңдауға түрткі болатын кеңінен тараған себеп — зерігу. Топтық бағдарламалар сіздің адамдармен қарым-қатынасыңызды жетілдіріп, тұлғалық жағынан өсуіңізге ықпал етеді. Нұсқаушы көрсеткен жаттығуларды топтың басқа мүшелерімен жарыса орындау барысында зерігу мен жабырқауға орын жоқ. Көптеген адамдар топтық жаттығулардың қалай жылдам өтіп кеткенін аңғармай қалады. Жаңа қимылды жылдам меңгеріп алайын деген талпыныс, қозғалыс ырғағымен көңілдің көтеріңкі болуына ықпал ететін сазды әуен, айналаңдағы адамдармен жылы қарам-қатынас — осының барлығы топтық жаттығуды барынша қызықты қыла түседі. Сондықтан да топтың өзге қатысушыларымен және нұсқаушымен жақсы қарым-қатыныста болу аса маңызды.

Топтық бағдарламада негізгі жаттығу түрлеріне қоса денені сергіту, тартылу және созылу қарастырылған. Адам өзі жаттыққан кезде денеге түсетін жүктеменің салмағын дұрыс анықтамай немесе бірыңғай тек сүйкті жаттығуларын ғана орындап, бағдарлама тәртібін бұзып алуы мүмкін. Ал егер топпен шұғылдансаңыз, нұсқаушының құрып берген жаттығу тәртібінің арқасында әр қозғалысыңыздың нәтижесін көретін боласыз. Сондай-ақ нұсқаушының саламатты өмір салтын спорт залынан тыс жерде де ұстануды құп көретінін естен шығармаңыз!

Көбіне топтық бағдарламалар адамдарға алуан түрлілігімен ұнайды. Есіңізде болсын, қозғалыс — бұл өмір. Ал егер сіз топтық жаттығуларға қатыссаңыз, онда көптеген жағымды әсерлермен қоса сымбатты мүсіннің иесіне айналасыз.

Топтық бағдарламалардың жұмыс кестесі

Топтық бағдарламалардың жұмыс кестесі АқсайТоптық бағдарламалардың жұмыс кестесі Ақсай (167 KB)

Топтық бағдарламалардың жұмыс кестесі Дукат Топтық бағдарламалардың жұмыс кестесі Дукат (160 KB)

Топтық бағдарламалардың жұмыс кестесі ҚұлагерТоптық бағдарламалардың жұмыс кестесі Құлагер (164 KB)